Бекбаева М. “Жошы хан”
Белгілі қазақстандық журналист Майя Бекбаеваның «Тарих тағылымы» сериясымен шығатын «Жошы. Ұлы ұлыстың билешісі» кітабы Шыңғыс ханның үлкен ұлы, біртуар қолбасшы және Моңғол империясының басты саяси қайраткерлерінің біріне арналған. Жошы ханның өмір жолы арқылы автор қазақ халқының тарихи, мәдени аспектілері мен сана-сезімін ашып көрсетеді. Бұл туынды оқырманын халықтың бай тарихына терең бойлап, ондағы негізгі кезеңдер, олардың қазіргі Қазақстан тарихына әсерін саралауға шақырады.
