Данияр Жігітбек Не үшін үйлену керек?

“Не үшін үйленуім/тұрмысқа шығуым керек?”, “Қай жаста отбасын құрған дұрыс?”, “Өмірлік серігімді қалай табам?”, “Жар таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек?” т.б. сұрақтар мазалап жүрсе, Данияр Жігітбектің “Не үшін үйлену керек?” атты кітабын алыңыз.

Кітапта автор өзінің жар таңдау, үйлену тәжірибесі жайлы жазған. Бұл кітапты бойдақ іні-қарындасына ағасының айтқан насихаты деп қабылдасаңыз болады. Кітапты оқыған кезде ағаңызбен сырласып отырғандай күй кешесіз.
Кітап отбасын құру мәселесіне бей-жай қарамайтын жастарға арналған.