Джеймс Гринвуд (ауд. Ризабек Әдуов) Өгей бала

Хикаятта өгей шешеден көрген қысымы мен қатыгез әкенің қорлығына шыдамай үйінен қашып шыққан баланың басынан кешкен қиын тағдыры баяндалады. Жазушы жоқшылық пен кезбеліктің адамдарды қылмыс жасауға итермелейтінін көрсетеді. Джимнің бойындағы туабітті адалдығы мен шынайылығы оның өмір сүруіне тура келген қоршаған ортаның келеңсіз әсерімен күресуге итермелесе де, ол амалының жоқтығынан жаман жолға түсіп, ұрлық жасайды. Хикаяттың өне бойында шарасыздықтан шырғалаңға түскен баланың шытырман оқиғалары шынайы суреттеледі.