Хаузелл М. Ақша психологиясы

Хаузел Морган «Ақша психологиясы» атты кітабында ақша жинаудың құпиясымен емес, қолға тиген қаражат мөлшерін еселеп көбейту, оны қолда ұстап қалу, көрсе қызар дүниеқоңыз болмай, «көрпеге қарай көсіліп» өмір сүру, ұтымды үнемдеу тәжірибесімен бөліседі. Шағын-шағын 19 тарауда баяндалатын жеке қаражат, әсіресе инвестиция саласындағы қаржылық шешімдер, келешектегі кірісті көрегендікпен болжай білу сияқты, былайғы жұрт бас қатыра бермейтін, бұлардың барлығы тек математикалық формада ғана көрініс табуға тиіс деген мәселелерді қарапайым тілмен шебер жеткізеді.