Исабеков Дулат Қарғын

«Қарғын» — Дулат Исабековтың 1980 жылы жарық көрген романы. Шығармада бас кейіпкер Жасын мен Бағила арасындағы ерекше қарым-қатынас, биік парасат, сезім мен сенім арасындағы арпалыс жан-жақты сипатталады. Ішкі жан тебіренісіңді ұдайы қозғап отыратын роман терең ойға жетелеп, сансыз сауал санаңа еріксіз ұялайды. Адамның жан дүниесіне рухани төңкеріс жасайтын бұл кітап әсіресе жастар арасында өте танымал. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.