Лавкрафт Г. Ф.: Ктулху сарыны

«Ктулху сарыны» — Ф.Г. Лавкрафттың қорқынышты хикаялардан тұратын әңгімелер жинағы. Алапат жер сілкінісінен кейін ұлы Ктулхуға жақын адамдар мәңгілік ұйқыдан оянады. Ал Ктулху Р’лайх қаласындағы судың түбіндегі қараңғы табытын тастап шығып, жер қайтадан оның билігіне өтеді. Жүрегі нәзік адамдар ұйықтамайды, суретшілердің қылқаламынан керемет туындылар шығады, әлсіздер есінен танып қалады… «Өлген Ктулху уақыты келгенде Р’лайхтағы үйінде оянады» дейді ежелгі культ ізбасарлары адамдарды құрбандыққа шалғанда… Ақырында Ктулху су түбіне түсіп, қайтадан ұйқыға кетеді, бірақ бұл тыныштық ұзақ уақытқа созыла ма?.. Жинаққа жазушының «Күміс кілт», «Херберт Уэст өлгендерді тірілтеді», «Мола» және т.б. әңгімелері еніп отыр.