Әзірбайжан Мәмбетов “Менің өмірім – театр”

 

Қазақстанның театр және кино өнерінің әйгілі режиссері, «Халық қаһарманы», КСРО-ның Халық әртісі, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Әзірбайжан Мәмбетовтің көрнекті шығармашылығы еліміздің режиссура деңгейін бұрын-соңды болмаған жетістікке, биіктікке жеткізді, әрбір көрерменнің жүрегіне ұмытылмас әсер қалдыратын оның театрландырылған қойылымдары аншлагпен өтетін. Оның кино саласындағы еңбектері Қазақстан кинематографиясының Алтын қорына кіреді. Ол керемет талантты, жұмыс істегенде қажымас қайратты болғанымен, қиын тағдырлы адам еді. Бүгінгі Қазақ театр өнері  Әзірбайжан Мәмбетовтің үлкен еңбегі. Ол өзінің бар ғұмырын театр саласына қызмет етуге сарп етті. Өз ісінің шебері, кемеңгер режиссердің талантынан шабыт алатын өскелең ұрпақ оны әрдайым есіне алып, бағалайтын болады.