Нұржан Мұратәлиев “Жасыл көлдің құпия тұрғыны”

«Жасыл көлдің» құпия тұрғыны — жасөспірімдерге арналған шытырман оқиғалы хикаят. Кітапта 7‑сынып оқушыларының басынан өткен қызықты оқиғалары шынайы да әсерлі суреттелген. Жасыл көлден таңғажайып құбыжық көрген Еркін өзінің достары Дарын және Сәтпен бірге беймәлім мақұлықтың құпия сырын ашуға кіріседі. Үш достың адалдығы мен табандылығы қатарластарына үлгі болары анық. Құпия жөнінде ешкімге тіс жармай, ойға алғандарын жүзеге асырмақ болған балалардың Жасыл көлді картаға түсіруінің өзі — үлкеннің де қолынан келе бермейтін шаруа. Шығарма балаларды табиғатты қорғауға, жан-жануарларға қамқорлық көрсетуге, өз әрекеті үшін жауапкершілік алуға үйретеді.