Слямқызы Н.: Мұзтау – Музам менің

Назым Слямқызының “Мұзтау—Музам менің” повесін оқи отырып автормен бірге Мұзтау шыңына сапар шегесіз. Мұзтау жай шың емес, арман шыңы, ұлылардың рухы мекен ететін шың. Мұзтау—дүниежүзіндегі ғарышпен байланысатын жеті нүктенің бірі. Қасиетті шың тек рухы мықты адамдарға ғана көрінеді екен. Автордың тілі көркем, әрі жеңіл. Кітапты қолыңа алсаң болды, Мұзтаудың тылсымы өзіне тартқаны сондай, повесті оқып шыққаныңызды байқамай қаласыз. Повесті оқып шыққан соң өз туған жеріңізге деген сезіміңіз сізді де қасиетті ауылыңызға жетелейді, туған жерге тағзым жасау үшін асығасыз. Туған жерден бата алу үшін жүрегіңізді тазалау керек екенін түсінесіз, сөйтесіз де рухани әлемге бас қоясыз.