Толкин Дж. Р. Р.Сақиналар әміршісі. Сақина бауырластығы

«Сақиналар әміршісі» трилогиясы — авторға әлемдік даңқ әкелген тамаша әдеби шедевр. Шығарма мыңдаған жылдарды қамтитын Сақина үшін болған шайқас жайын баяндайды. Жазушы адамдар әлеміне дейін өмір сүрген эльфтер, гномдар, хоббиттер, перілер, орктар және басқа да мифологиялық жаратылыс иелерін, олар өмір сүрген әлемді толығымен ойдан құрастырған. Құдіретті Сақиналардың Иесі барлық тірілер мен өлілер әлеміне билік ете алады, сонымен қатар оның өз еркінен тыс Зұлымдыққа қызмет етуіне тура келеді. Аталған фантастикалық туындының бірінші томы — «Сақиналар бауырластығын» назарларыңызға ұсынып отырмыз. Шығарма барысында Фродо мен оның жолдастары Әмірші Сақинаның көзін жоюды көздеп, Зұлымдықтың ордасы — Мордор еліне аттанады.