«КІТАПХАНА ТV» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында жаңа жоба «Кітапхана тv» өз жұмысын бастады. Кеш қонағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің келешегі үшін тер төгіп жүрген, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген аяулы ана, журналист «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырзағали Иниятқызымен «Бала күнгі бір кітап» атты тақырыпта сөз өрбіді.