ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында «Саусақ ұшындағы инклюзия» республикалық байқауы қорытындысы бойынша Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратовна «Үздік бедерлі сурет» номинацисы бойынша ІІ – ДӘРЕЖЕНІ жеңіп алса, «Үздік тактильді кітап» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайдың алғыс хатымен марапатталды.