ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАР ОДАҒЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Жанна Тұрарқызы Шымкент қаласында өтіп жатқан Қазақстан Кітапханалар Одағының кезекті көшпелі отырысына қатысуда.

Іс-шараға республикалық, облыстық, ғылыми кітапханалар басшылары және кәсіби қауымдастық өкілдері қатысуда. Күн тәртібінде:
✔️ ҚКО-тың стратегиялық даму бағыттары
✔️ Әлеуметтік осал топтармен жұмысты жетілдіру
✔️ Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
✔️ Оқу орындарымен ықпалдастық
✔️ Модульдік оқыту семинарлары қарастырылуда.