«Қолөнер-халық қазынасы!» атты шеберлік сағаты

      Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қазақтың қолданбалы қолөнер түрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдарын таныстыру, ұлттық қолөнерді жандандыру, іскерлікке, еңбекке баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында «Тифломузей» жобасы аясында «Қолөнер-халық қазынасы!» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
    Аталған шеберлік сағаты №2 «Болашақ» мектеп-интернаты оқушыларымен өткізілді.
     Іс-шара барысында «Балалар көркем өнер» мектебінің мүсін пәнінің мұғалімі Медетов Дархан Әбілсейітұлы оқушыларға табиғи шикізат арқылы гипстен дайын қалыптарға «Раушан гүлдерін» құйып, шеберлік сағат көрсетті.
«Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығының қызмет алушысы Танысбаева Айгерім өздерінің қолдарынан шыққан трендтегі сәнді сөмкелері, тақия, биссерден жасалған гүлдер шоғы, жүннен тоқылған шәлі, сәбидің көйлегі, аяққа киетін тәпішкелері т.б қолөнер бұйымдарын көрсетіп, жасалу жолдарын үйретті. Сондай-ақ, Юсупов Бақтияр өзінің қолынан шыққан түрлі-түсті гүл салатын құмыраларын, әшекей бұйымдары қолға тағатын білезіктері мен салпыншақтар үлгісін оқушыларға қолмен ұстап сезінулеріне мүмкіндік туғызып, оның жасалу жолдарымен бөлісті.
     Шеберлік сағат соңында мектеп-интернаты ұстаздары өз алғыстарын арнайы кітапхана ұжымына білдірді.