“ҚОЛЫҢМЕН ҰСТАП ЖҮРЕКПЕН СЕЗІН” АТТЫ ТИФЛОМУЗЕЙ ЖОБАСЫ МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының бастамасымен “Қолыңмен ұстап жүрекпен сезін” атты Тифломузей жобасы Мойынқұм ауданында экспозициялық бұрыш ашылды. Зағип азаматтарға арналған жобаға Мойынқұм аудандық тарихи-өлкетану музейіне келген мүмкіндігі шектеулі жандардың гидтің көмегінсіз музей құндылықтардымен еркін танысуына, өлке тарихымен мен мәдениетіне өз бетінше танысуға мүмкіндік жасалды. Арнайы бұрышқа музей қорының 25 жәдігеріне QR қойылып, Брайль қарпінде жәдігердің атауы жазылды. QR кодпен смартфон арқылы аудиоэкскурсия тыңдай алады.
Тифлобұрыштың ашылу салтанатын адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының аға оқытушысы Кульниязова Айжан Сейсенқызы және Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кодеков Жұманазар ашты.
Кітапхана оқырмандары мен музей қонақтары зағип азаматтарды қоғамнан алыстатпай, мәдениет пен тарихты танытуға ат салысып жүрген облыстық арнайы кітапхана мамандары мен музей қызметкерлеріне алғысын білдірді. Шара барысында музей тифложәдігерлерінің қатарында ХХ ғасырдың басында тұрмыста қолданған үлкен әжелерінің үтігімен танысып, кітапхана оқырмандары құнды дүниенің музей төрінде тұрғанына шексіз қуанышын білдірді.