«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» ЖОБАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көру қабілеті нашар Жамбыл жоғары медициналық колледжінің білімгерлеріне «Үй тапсырмасы» жобасы аясында «Адам анотомиясы» тақырыбында сабақ өтті. Жоба барысында білімгерлерге адам денесінің әр мүшесінің құрылысын қарапайым тілмен түсіндіре отырып, есте сақтауды жеңілдету, адам бейнесіндегі макетті қол ұшымен ұстап, сипап-сезіну жайлы түсіндірілді. Сондай-ақ, кітапхана қорындағы әдебиеттерден «Адам анатомиясы» атты дыбыстандырылған және жайпақ баспалы әдебиеттерден «Анатомия», «Дене қимыл тілі» атты кітаптар ұсынылды.