“Үй тапсырмасы” жобасы аясында “Анатомия қолмен таны” Тактильді танымдық сағат

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл жоғары медециналық колледжінің зағип және көру қабілеті төмен білімгерлерімен кезекті «Үй тапсырмасы» жобасы аясында «Анатомияны қолмен таны» атты тактильді танымдық сағатын өткізді.
Сабақ барысы анатомия негіздерін түсіндіруден басталып, адам ағзасының бұлшықет жүйесімен таныстыру арқылы өрбіді.