«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жастардың оқу орнындағы үйге берілген тапсырмаларын орындау барысында білімгерлерге көмектесу, оқу бағдарламасына сай келетін оқулықтарды дауыстап оқу және мүмкіндігі шектеулі білімгерлердің ойлау қабілеттерін дамыту, кітапхананың кітап қорындағы қызықты кітаптар мен дыбыстандырылған әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Үй тапсырмасы» жобасы өтті.
Жобада Жоғарғы Жамбыл медициналық колледж білімгерлері Шөпшекова Құралайға «Кене шаққанда жиі кездесетін жұқпалы аурулар» тақырыбы кеңінен таныстырылды.
Тапсырма барысында адам өміріне аса қауіпті: кене шаққанда не істеу керек? Оның адам өміріне қандай зияны бар екендігі баяндалып түсіндірілді.Сонымен қатар Адам анатомиясы кітабынан Асказан тақырыбы дауыстап оқылды және Денсаулық журналынан керекті мәліметтері берілді,
Шара соңында «Медициналық кітаптар» бойынша көптеген ақпарат берілді.