Ұлтымыздың ауыз әдебиетінің көрнекті тұлғасы» атты тұлғатану сағаты өтті

         Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ақын Майкөт Сандыбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай, халықтың мың жылдық тарихын поэзия тілімен айшықтаған ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ұлтымыздың ауыз әдебиетінің көрнекті тұлғасы» атты тұлғатану сағаты өткізілді.
             Аталған іс-шара №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларымен өтті.
      Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Майкөт Сандыбайұлының айтыс ақыны, халықтық дастандарды жырлаушы, танымал жыршы сонымен қатар, қазақ халқының мың жылдық тарихын жырлаған терең өнер иесі екендігіне тоқталды.
       Шара соңында оқушыларға ақынның жас шағында жазған жырлары мен тағылымы мол өлеңдерінің қысқаша тарихы таныстырылып, «Асқар таудай тұлғалы ақын» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.