ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН – ҰЛЫ ЖЕҢІС

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Даңқ алаңында “Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды”, “Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс” тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме батырларымыздың ерлігін еске алып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында жасақталды.

Ұлы Отан соғысы туралы тарихи шығармалар, соғыс ардагерлердің фотосуреттері мен хаттары, қолданылған әскери жәдігерлері қойылған көрмені 300-ден аса қала тұрғындары, қонақтар мен жастар тамашалап, соғыс ардагерлеріне деген құрмет пен алғыс білдіріп, ерекше рухани әсер алды.