”ӘДЕБИЕТТІҢ ӘКІМІ” АТТЫ КІТАП ДЕФИЛЕ ӨТТІ.

Ұлт әдебиетінің ақсақалы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті жазушы, драматург Әкім Таразидің 90 жасқа толуына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Әдебиеттің әкімі» тақырыбында кітап дефилесі өтті.
Аталған дефилеге №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысты. Мақсаты оқушыларға драматург Әкім Таразидің жарқын бейнесін таныту, заңғар жазушының көптеген шығармаларын таныстыру, сара жолы жас ұрпаққа кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс –шара барысында драматург Әкім Таразидің қысқаша өмір жолымен шығармашылығы баяндалып «Тұлға. Әкім Тарази» атты деректі фильм көрсетілді. Ал, интернат оқушылары Салауат Еламан, Жолтай Рақым, Сағындық Айсана «Жазушының кітаптар әлемі» атты шағын диалогқа құралған қойылымды сахналаса, кітапхана қызметкерлері көрермен назарына «Қарымды қаламгер Әкім Тарази» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолуды ұсынды.