«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫН САҚТАУ» ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҒЫ ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқушыларға өрттің алдын алу үшін қандай сақтық шарасын жасау, оқыс жағдайда адам не істеу керек екендігі жайлы насихаттау мақсатында «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында «Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау» тақырыбында практикалық сабақ өтті.
Аталған шара №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларымен өткізілді.Шара барысында сондай-ақ, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт тактикалық жаттығу сабақтарын жүргізіп, Тараз қаласы, Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Аманжол Данияр алғашқы өрт қауіпсіздігінің техникалық құралдарын қалай қолдану керектігін, өрт туралы басқада түсіндірме сабағын жүргізді.
Шара соңында өрт қауіпсіздігі қызметкерлері өздерінің жылдамдылығымен оқушыларды өрттен қорғап, балаларды сыртқа шығарып құтқару амалдарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.

