№2 «Болашақ» мектебінде «Күмбірлеген күй анасы» шығармасына арналған әдеби таныстырылым өтті.

№2 «Болашақ» мектебінде «Күмбірлеген күй анасы» шығармасына арналған әдеби таныстырылым өтті. Шара Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен өткізіліп, оқушыларға домбыра үні мен қазақ күй өнерінің тарихы жайлы мағлұмат берілді.

Кездесу барысында «Күй керуені» атты кітап көрмесі таныстырылып, ұлттық өнерге қатысты әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар Еламан Салауат пен Жұматай Алмат Дина Нұрпейісованың «Кербез», «Қара қасқа» күйлерін орындады.
Тағылымды шараға 25 оқушы қатысып, жас ұрпақ ұлттық өнерге қызығушылық танытты.