🔰“ДАУЫЛДЫ ЖЫРДЫҢ ДҮЛДІЛІ-ИСА АҚЫН”

Жамбыл облыстық және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы әйгілі ақын, әнші-композитор, суырыпсалма жыр өнерінің шебері Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Дауылды жырдың дүлділі-Иса ақын» атты еске алу кешін Сағадат Нұрмағанбетов атындағы № 10 орта мектебінің оқушыларымен өткізді.

Кеш барысында қатысушыларға Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, «Жыр мен әннің жүйрігі» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Шараға қатысушылар ақынның қазақ мәдениетіне қосқан үлесімен тереңірек танысып,поэмалары арқылы халық өмірін ерлік пен махаббатқа толтырғандығы жайлы әнгіме өрбітіп, «Елім менің», «Он саусақ», «Желдірме» атты өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ «Алтай аясында» «Құралай сұлу» поэмаларынан үзінділер айтылып, оқушыларға Иса жыры – мәнгілік, себебі ол ел рухын көтерген, өнердің биігіне жол ашқан тұлға екендігі насихатталды.