🔰”КІТАП ЖӘНЕ ҚОҒАМ” ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «BookFM» жобасы аясында «Кәусар» бағдарламасымен «JAMBYL» радиосында филология ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік академиясының профессоры, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің оқытушысы Белботаев Алмасбек Батанұлымен «Кітап және қоғам» тақырыбында сұхбат жүргізілді.

Сұхбат барысында Алмасбек Батанұлы қазіргі қоғамда, жастар арасында кітап оқудың деңгейі туралы сөз қозғап, өзінің жеке кітапханасымен бөлісіп, 1985 жылы «Жалын» баспасынан басылып шыққан «Кітап туралы кітап» атты балаларға арналған кітабымен таныстырды. Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік желіге тәуелді бола бастағанын атап өтіп, оқырмандарды рухани байлыққа бет бұруға, халқымыздың асыл мұрасы – кітаптан алшақтамауға шақырды.