?ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДА ПОЭТИКАЛЫҚ БАТЛ ӨТТІ

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесі аясында өңіріміздің жас ақындарымен және олардың шығармашылығымен танысу мақсатында «Жас қауырсын қалам иелері» атты поэтикалық батлды Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы өткізді. Ашық аспан астында өткен шараға Қазақстан журналистер одағының мүшесі, айтыскер ақын Есет Досалы және де зиялы қоғам өкілдері қатысты.

Поэтикалық батл Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әніне компазициялық қойылыммен басталды.

Батлға қатысқан өңіріміздің 18-25 жас аралығындағы жас ақындары «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы», «Өлең деп өмір сүремін», «Сөз маржанын теремін», «Қиыннан қиыстырар» төрт кезеңінде өз бақтарын сынап, шапшаңдық танытып, тақырыпқа сай берілген сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өз өлеңдерін оқырмандарға тарту етті.

Батл барысында кітапхананың белсенді оқырмандары Тайбағар Дарын Мұқағали Мақатаевтың «Отан», Қажымұхан Сарсенов Мұхтар Шахановтың «Отырар» поэмасын оқыды. Шара соңында көрермендерге көркем әдебиет жанрлары аясында ойындар ойнатылып, жанды дауыста әндер шырқалды. Сонымен қатар оқырмандарға «Қазақ поэзиясының – Ұлы ақындары», «Өлкеміздің мақтаныштары», «Жас ақындардың жарқын әлемі» дәстүрлі емес кітап көрмелері жасақталды.

Шара соңында «Жас ақын», «Сөз шебері» және т.б. номинациялар бойынша үздік жас ақындар марапатталып, арнайы дипломдар мен қатар кітап сыйға алды.

#ұлттықкітапкүні
#madeniet08
#арнайы_кітапхана