1 – МАУСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖАЗДЫҚ ЛАГЕРЬ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Жазғы демалыс кітаппен бірге» жазғы қысқа мерзімді лагерь №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернатының оқушыларымен өткізілді.
Лагерьдің екінші күнінде балалар «Майская роща» демалыс саябағында болды. Олардың бос уақыттарын тиімді өткізулеріне, табиғатты танып білулеріне, таза ауада тынығуларына оң әсер беру үшін «Пикник» ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысы балаларға таңертеңгілік жаттығуларды жасаудан басталып, ойлауды, сөйлеуді, көруді дамыту мақсатында «Сиқырлы бояулар әлемінде» сурет салу сайысы мен мергендік бейімділігіне арттыруға «Боулинг» т.б. ойындарымен жалғасты.
Сондай-ақ, балалардың денсаулығының нығаюына пайдасын тигізу үшін әр баланы 15 минуттан «Пони» атына мінгізіп, серуендетіп, белсенділік танытқан барлық балаларға хот-дог пен тәтті сусындар таратылды. Сонымен қатар, мереке қарсаңында Тараз қаласының тұрғыны Мұхит Қажекенов арнайы сыйлықтарын жасаса, ал, «Бастауыш кәсіподақ» төрайымы Г.Сейтбаева отбасының атынан балаларға сәнді «Барсетка» сумкасын сыйлықтарымен табыстап, балмұздақтар таратты.