7 МАМЫР-ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ГОЛБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасымен Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында көру қабілеті зақымданған азаматтарға 7 мамыр-Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жекпе-жек спорт клубында Жамбыл облыстық «Қазақ зағиптар қоғамының» мүшелерімен №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына голболдан турнир өтті. Голбол барысында ҚР әнұраны шырқалып, спорт өнерпаздарына «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жекпе-жек спорт клубының басшысы Н. Жолдасбеков, «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Д. Тейлеев, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Ж. Алшинбаева қатысушыларға жылы лебіздердерін білдіріп, сәттілік тіледі. Шара соңында ұйымдастырушылар «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының жекпе-жек спорт клубы І дәрежелі дипломмен, «Қазақ зағиптар қоғамы» мүшелері ІІ дәрежелі дипломмен №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушылары ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

