“Ақ таяқ” күніне орай спорттық жарыс өтті

Қарашаның 13 халықаралық “Ақ таяқ” күніне орай Тараз қалалық “Қазақ соқырлар қоғамы” мүшелерімен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен зағип жандар арасында спорт алаңында ойын жарысы өткізіліп, нәтижесінде Тараз қаласы 1орын, Шу ауданы 2 орын, Т.Рысқұлов ауданы 3 орынды иеленіп, сый-сиапаттар табысталды. Ойынға қатысқан азаматтар жоғары белсенділік танытып, жарыс соңы мерекелік кешке ұласты.