АЛАШ ӘДЕБИЕТІ – ТӘУЕЛСІЗ ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ НЕГІЗІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізге алып, ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың рухани мұрасын кеңінен насихаттау, жастарды Отаншылдыққа, бірлікке, патриоттықа тәрбиелеу, кітап қорындағы әдебиеттерді кең көлемде таныстырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Алаш әдебиеті – тәуелсіз ұлт руханиятының негізі» атты республикалық байқау жариялаған болатын. Байқау жұмыстарының талаптары бойынша 2021 жылдың шілде–қыркүйек айларында әр облыстың кітап қорындағы ақын-жазушысының 1 (бір) кітабы және тәуелсіздік жылдары жарық көрген 1 (бір) әдебиет зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған қолжетімді форматта бедерлі–нүктелі қаріп (брайль), дыбыстандырылған (СД) түрінде және тактильді кітаптар дайындау болды. Байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша кітаптардың талапқа сай дайындалғанын ескере отырып, әділ қазылар алқасының шешімдерімен жеңімпаздарын жариялады.
Байқау қорытындысы бойынша Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы мен Лев Николаевич Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап–ғылыми кітапханасының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтармен жұмыс бөлімі республикалық байқауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен, Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы III орынды, Павлодар облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін арнайы кітапханасы II орынды, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы I орынды жеңіп алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.