«ТIFLO-АСХАНА» ЖОБАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Анаға тағзым» орталығындағы «Береке» аспаздық студиясында мүмкіндігі шектеулі жандарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, зағип жандарды ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу, түрлі тағам түрлерін жасауды үйрету мақсатында «Тiflo-Асхана» жобасын өткізді. Кезекті шығарылымға «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшесі, аяулы ана Толебаева Камила Құралбековна қатысып, «Минутка» салатын әзірледі. Салатты әзірлеу барысында қажетті қоспаларымен таныстырып, түрлі дәрумендерге бай екенін жеткізді. Сондай-ақ, тағдырлас жандарға мотивациялық кеңес беріп, «Сыйластық» атты өлең шумағын арнады.
Іс-шара соңында кітапханашы жобаға қатысушыға арнайы сыйлығын табыстап, өмірде жарқын позитивті көңіл-күй, мықты денсаулық, мол табыс тіледі.