“АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ”

        Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында нәзік жанды аруларды 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған зағип аналарға көктемнің нұрындай аяулы аналарды құрметтеуге, оларға мейірімділік пен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Ананың аялы алақаны» атты мерекелік кеш «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен өткізді.
          Кеште «Сәт» триосының әншісі Сапар және кітапхананың тұрақты оқырманы Есимов Ғалымжан және Тифлология бөлімінің меңгерушісі Құрақбаева Гүлнұр ақ жаулықты аналарға арнап ән айтып, викториналық ойындар ойнатылды.
          Сонымен қатар, Төле би атындағы №8 мектеп-гимназияның оқушыларынан құралған «Әлемді жарығымен нұрландырған асыл жандар» тақырыбындағы поэзиялық композиция қойылды. Шара соңында келген оқырмандар өз ризашылықтарын арнайы кітапхана ұжына білдірді.