”АРНАЙЫ КІТАПХАНАҒА ҚАДАМ” ТАҚЫРЫБЫНДА ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Әлеуметтік психология” мамандығының білім алушыларына әлеуметтік саладағы тәжірибесін кеңейту мақсатында “Арнайы кітапханаға қадам” тақырыбында экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында студенттерге кітапхананың ерекшеліктері туралы түсіндіріліп, әр бөлімнің мамандары оқырмандарға ұсынылатын қызмет түрлерімен, атқарып жатқан инклюзивті жобалардың жұмыстарымен, нүктелі-бедерлі Брайль қарпімен жазылған кітаптар мен дыбыстандырылған аудио әдебиеттермен таныстырды.