АРНАЙЫ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ “РАУАН” БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОНАҚТА
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері “Кітапхана- білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі” тақырыбы аясында “JAMBYL” телеарнасының “Rauan” бағдарламасында тікелей эфирде қонақта болып, қазіргі таңда жасап жатқан ауқымды шаралары туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар зағип жандардың қоғамнан тыс қалмай, уақыттарын тиімді пайдалана отырып кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың 8 қыркүйектегі жолдауында елімізде жасанды интеллекттің қарқынды дамуын қолға алу керек деген сөзін тиек етіп түрлі жобалардың ЖИ бағыты бойынша жүргізіліп жемісті нәтиже беріп жатқанын айта кетті.
