АРНАЙЫ КІТАПХАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
Аталған конференция Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының 55 жылдығына орай “Инклюзивті кітапханалар: тарихы, жетістіктері, преспективалары” тақырыбында Шымкет қаласы орталық көрме залында өтті.
Конференцияға Өзбекстан (Ташкент), Ресей (Санкт-Петербург) мемлекеттері мен Республикалық арнайы кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс шара барысында пленарлық отырыс ұйымдастырылып, қатысушылар инклюзивтік тәжірибе мен инновациялық жұмыстармен бөлісті.