АРНАЙЫ КІТАПХАНА КӨРІСУ КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұжымы 14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесіне орай қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету мақсатында «Қазақ соқырлар қоғамының» Тараз қаласындағы филиалы, Ш. Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы мен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясының ұжымдарымен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, төс қағыстырып, «Бір жас қосуыңмен», «Жас құтты болсын!» деген тілектер айтты.
https://youtu.be/H_IzP_zncu4