АРНАЙЫ КІТАПХАНАДА «ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай «Қазақ Соқырлар қоғамы» Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы Республикалық байқаудың облыстық деңгейі Жамбыл облысы аудандар арасында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында өтті.
Аталған байқаудың ережесіне сәйкес Т.Рысқұлов ауданы, Байзақ ауданы және Тараз қаласының өнерпаздары белгілі жазушы, ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы турасында театрландырылған көріністер сахналады.
Байқауда әділ қазылық еткен А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының ардагер актрисасы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері С.Н.Рақымбайқызы, Өңдірістік оқу орталығының директоры Г.Омарқызы және Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры орынбасары Т.Тәжітөреқызы.
Нәтижесінде Тараз қаласының өнерпаздары жеңіске жетті.