АРНАЙЫ КІТАПХАНАДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ

🔷Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өтуді құптаған ұжым Наурыз мерекесі аясында зағиптар мен көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың отбасыларына арналған қайырымдылық шарасын өткізді. Жиынға Қазақ Соқырлар қоғамының мүшелері мен зағип азаматтар қатысты.

🔷Аталған мереке Наурыз мерекесіне арналған композициялық қойылыммен бастау алып, мерекелік әннен шашу шашылды. Наурыз мейрамында қазақ халқы бір-бірлеріне деген өкпе-ренішті ұмытып, мейірімділіктің озық үлгісін танытқан» деп көркем үнмен ұлыс мерекесін қарсы алған Арнайы кітапхана қызметкерлері Наурыз мейрамының Қазақстан халқы үшін рухани-мәдени тәрбиелік мәнін арттырып, маңызын дәріптеп, отбасылық мереке ретінде қалыптастыруды мақсат ете отырып ұйымдастырған.

🔷Кітапхана ұжымы ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту үшін қысқаша мазмұнды көріністер қойып, қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті. Үйдегі үлкен кісі жаңа жылды жақсылыққа жорып бата беру үшін Қыдыр ата шақырылып бата берілді.