«АУҒАН АҚИҚАТЫ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

🔷️Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқырмандарға ауған соғысына қатысқан ағалардың ерлігін дәріптеу, өз елін, жерін қастерлеу, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Отанын, елін қорғай білуге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ауған ақиқаты» атты патриоттық сағатын өткізді.
🔷️№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында ұйымдастырылған іс-шараға Жамбыл облысының интернационалист-жауынгерлер одағы ҚБ төрағасы Ізбасаров Керім Мақанбетұлы мен орынбасары Төртбаев Марат Асылбекұлы қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы ауған соғысы – КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс екенін түсіндірді. Өз кезегінде сөз алған ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы мағлұматтар берді.
🔷️Сондай-ақ «Батырға 100 сұрақ» айдарында ардагерлер оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Ал, Еламан Салауат патриоттық «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
🔷️Іс-шара соңында кітапханашы өмір жылжып жатады, ерлік өлмейді, заманымыз жалғаса беретінін жеткізіп, қонақтарға алғысын білдірді.