БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 55 жылдық мерейтойы мен Луй Брайльдің туғанына 215 жыл толуына орай «Мен және менің кітапханам» атты онлайн Республикалық эссе байқауын ұйымдастырды.
Байқауда көру қабілеті нашар 20 оқырманның Л.Брайль жүйесі бойынша жазылған шығармалары сынға түсті.
Байқау қорытындысы бойынша:
Байзақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсету бөлімінің тұрақты оқырманы Мухатов Бауыржан Гран – при жүлдегері, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының Тифлология бөлімінің қызметкері Бегимов Ербол Аққайұлы II – дәрежелі дипломдармен марапатталып, сертификаттарға ие болды.