«БАЛАЛАРДАН БАЛАЛАРҒА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен №2 «Болашақ» арнайы мектеп –интернатында «Балалардан балаларға» жобасы аясында дыбыстанған екі кітаптың тұсау кесері өтті.
Соның ішінде №10 мектеп оқушылары Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай шығармаларын оқыды. Ал, «Анаға тағзым» орталығының басшысы Эльмира Мырзағалидың бастамасымен Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия оқушылары танымал ақындардың өлеңдерін мәңерлеп оқып, аудиотаспалады.
Тұсау кесер барысында «Инклюзия және театр» жобасының аясында Ш. Мұртазаның «Интернат наны» шығармасынан үзінді сахналанды.
Сондай-ақ, №2 «Болашақ» арнайы мектеп –интернатының оқушылары музыкалық номерлер ұсынды.