“БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ” ХИКАЯТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата-кітап оқитын өңір» акциясы аясында ашылған «Kitap Time» оқырман клубының кезекті жиыны өтті.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасыны «Kitap Time» оқырман клубының кезекті жиынында қаламгер Ақберен Елгезектің бестселлер, оқырмандар қызыға оқыған, кітап желісімен киносы шыққан «Болмаған балалық шақ» хикаятын талқылады. Жазушының ғұмырына шолу жасалып, оқырмандар хикаяттан алған әсерімен бөлісіп,кейіпкерлерге мінездеме берді.

