«BOOK FM» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «JAMBYL» РАДИОСЫНДА 1 – МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ СҰХБАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «BOOK FM» жобасы аясында «JAMBYL» радиосында 1 – маусым балаларды қорғау күніне орай Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Инкарбекова Гулфайруз Қаппарқызы мен сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында облыстық жасөспірімдер кітапханасының бағыттары мен негізігі мақсаты туралы ақпарат беріліп, балаларға арналаған жобалар, үйірмелер турасында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар жас оқырмандарға арналған кітап қорындағы қызықты жаңа әдебиеттермен бөлісті. Сөз соңында айтулы мерекемен бүлдіршіндерді құттықтай отырып, кітап оқыған адам ақыл-парасат, таным, білім, жұртпен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мәдениеттілігі сияқты ізгі қасиеттерімен ерекше болып тұратындығын баса айтып, бүгінгі жас толқынды кітап оқуға шақырды.
Әсерлі әңгіме, қызықты дерек, мұның бәрі «JAMBYL» радиосында. Толығырақ «JAMBYL» радиосы 1 маусым сағат 16.00 де 100,8 FM толқынынан тыңдай аласыздар.