«BOOK FM» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «JAMBYL» РАДИОСЫНДА ИНКЛЮЗИЯ БОЙЫНША СҰХБАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «BOOK FM» жобасы аясында «JAMBYL» радиосында инклюзия бойынша №2 Арнайы «Болашақ» мектеп- интернатының директоры Жақсылықова Ельмира Сауқынбекқызы мен сұхбат жүргізілді.
Сұхбат барысында мектеп интернатының бағыттары мен негізігі мақсаты туралы ақпарат беріліп, ерекше балаларға арналаған жобалар, үйірмелер турасында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар арнайы кітапханамен екіжақты меморандумға қол қойылып, аталған жобалармен бірге тығыз жұмыс жүргізіліп жатқандығы айтылды. Сөз соңында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс үлкен жауапкершілікті, тынымсыз еңбекті, үздіксіз білімді қажет етеді, сондықтан бұл ретте бірлесе жұмыс атқарудың маңызы зор деп, қорытындылады.
Әсерлі әңгіме, қызықты дерек, мұның бәрі «JAMBYL» радиосында. Толығырақ «JAMBYL» радиосы 29 мамыр сағат 16.00 де 100,8 FM толқынынан тыңдай аласыздар.