“BOOK FM” жобасы жалғасуда
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «BOOK FM» жобасы аясында «Jambyl» радиосының «Айтарым бар» бағдарламасының кезекті санында «Кітап – алтын қазына» тақырыбында сұхбат жүргізді. Жоба қонағы – кітапхананың тұрақты оқырманы, С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абитова Мереке Муртазақызы.
Дана халқымыз «Кітап – алтын қазына», «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтпаған. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі екендігін айта отырып, Мереке Муртазақызы кітап оқу, балаларды кітап оқуға баулу жайлы өзінің жұмыс барысында жинаған тәжірибесімен бөлісті.

