«BOOK FM» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы кітапты көп оқитын орта қалыптастыру және Жамбыл радиосының тыңдармандарының санын арттыру мақсатында «Book Fm» жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Осы орайда Жамбыл радиосы арқылы Қазақстанның және жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын дауыстап оқуға және халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, әдебиеті мен мәдениеті жайында аптасына екі рет сұхбат диалогтар өткізуге екі тараптан меморандумға қол қойылды.