”BOOK FM” ЖОБАСЫНДА ҚАМАР ҚАРАСАЕВА ҚОНАҚТА

                 Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «BOOK FM» жобасы аясында отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту мақсатында «JAMBYL» радиосында «Ақ жол» газетінің меншікті тілшісі, өрнекті шығармаларымен өмірдің таңғажайыптарын әрлеп жүрген дара болмысты шығармашылық иесі, жазушы Қамар Қарасаева мен «Кітап.Уақыт.Біз» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
              Сұхбат барысында жазушының сиясы кеппеген «Тәтті мұң» кітабы турасында әңгіме өрби отырып, Қазір қандай кітаптарды оқыған тиімді? Кітап оқуға баулу жайында қандай жобалар қолға алынған? Телефон көргеннен кітап оқу арқылы берілетін оқиғаның артықшылығы неде? және т.б. сынды кітап төңірегіндегі осы және өзгеде сұрақтарға қатысты ойын білдірді.