Брайль қарпіндегі арнайы “Дәрігер реинкорнациясы” тақырыбындағы комикс кітабының тұсау кесері өтті

Брайль қарпіндегі арнайы “Дәрігер реинкорнациясы” тақырыбындағы комикс кітабының тұсау кесері өтті
      Бүгін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Брайль қарпіндегі арнайы “Дәрігер реинкорнациясы” тақырыбындағы комикс кітабының тұсау кесері өтті.
      Бұл еңбектің авторы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының 2023 жылғы жеңімпазы Әбуәлі Мұхтарәлі Мұратұлы. Автор «Медиа» бағыты бойынша “Erekshe” жобасы аясында әзірлеген көзі көрмейтін немесе әлсіз көретін жасөспірімдерге Брайль қарпіндегі арнайы “Дәрігер реинкорнациясы” тақырыбындағы комикс кітабын басып шығарып, арнайы кітапхана қорына табыс етті.
        Кітаптың тұсауын Жамбыл облыстық «Қазақ соқырлар қоғамы» соқырлар қоғамының мүшелері мен кітапхана қызметкерлері кесті.
Мақсат – көзі көрмейтін немесе әлсіз көретін жасөспірімдерге арнайы контент құру және ерекше жасөспірімдерді бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулу.