“БРАЙЛИСТ” ҮЙІРМЕСІ ЖАЛҒАСУДА

🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында оқырмандарға брайль қарпінде дәріс беруге, оқуға деген қызығушылығын арттырып және кітап оқуға дүниетанымын қалыптастыру мақсатында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушысы Бақтиярұлы Аянға оқу дәрісін үйретті.

🔷Сабақ барысында арнайы брайлдік жазу құралдарымен арнайы грифелдік қаламсаппен жазу жазғызып, нүктелі-бедерлі қаріптегі Горецкий, В.Г. «Азбукадағы» әріптерді қайталап, қосымша арнайы сабақтар үйренді.

🔷Сабақ соңында арнайы кітапхана қызметкері Бегимов Ербол Аққайұлы осы дәріске байланысты үй тапсырмасын беріп, қайталап келуге қосымша сабақтар берілді.