ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАДА

🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей – интернатының» оқушылары экскурсияға келіп, кітапхананың тыныс – тіршілігімен танысты.

🔷Экскурсия барысында дарынды оқушылар зағип оқырмандарға арналған құралдар, арнайы компьютер бағларламаларымен және бедерлі нүктелі қаріптегі кітапты қалай шығаратындығы туралы ақпарат алып, жаңа жобалармен таныс болды.